Біздің акцияларымыз

«АЕО» ЖШС жеке кабинетін

пайдаланушыларға арналған акциялар өткізу қағидасы

Ұйымдастырушылар:

- «Ақпараттық-есептеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «АЕО» ЖШС)

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ғабдуллин көш., 90А үйі

- «Dream Сlub» ниеттестіктің коалициялық бейілділік жүйесі

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 110Е үйі

Акции ережелері:

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді «АЕО» ЖШС-ның шот-түбіртегі бойынша Жеке кабинеттен (бұдан әрі - ЖК) арқылы төле, «Dream Club»-та бонустар түрінде төленген соманың 2% мөлшерінде cash-back ал.

Акция кезеңі: 01.04.2018 ж. бастап – мерзімсіз (Ұйымдастырушылардың қалауы бойынша).

Қатысу шарттары:

1. Қатысушы (Пайдаланушы) «АЕО» ЖШС сайтында (www.ivc.kz) ЖК тіркеледі.

2. Сайтта тіркелу кезінде барлық жолдар міндетті түрде толтырылатын болып табылады, сондай-ақ № 1 Офертамен (АЕО сайтының ақпараты мен қызметтерін пайдалану) қатысушының келісуі міндетті болып табылады.

3. Қатысушы шот-түбіртектерді «АЕО» ЖШС ЖК арқылы төлейді. «АЕО» ЖШС «Dream Сlub» ниеттестік бағдарламасының серіктесі болып табыла отыра төлем сомасының 2% мөлшерінде бонустар (cash-back) есептейді.

4. Қатысушы бір күнтізбелік ай үшін (есепті кезең) шот-түбіртектерді төлеу кезінде 20 аспайтын транзакциялар жүргізу мүмкіндігіне ие.

Бонустарды алу:

  1. Шот-түбіртектерді «АЕО» ЖШС ЖК арқылы төлегенде Қатысушыға «Dream Club» сайтында автоматты түрде түбіртек бойынша төленген соманың 2% мөлшерінде cash-back автоматты есептелгені туралы хабарлама шығарылады
  2. Бонустар «Dream Club» (www.dreamclub.me) сайтындағы ЖК көрінеді, онда Қатысушы тіркеу логині және АЕО ЖК кіру паролі бойынша кіре алады.
  3. Қатысушы жиналған бонустарды ниеттестік бағдарламасына қатысатын өнімдерді сатып алу және төлеу, бонустарды электрондық әмиянға аудару немесе мобильді операторға аудару мүмкіндігін алады.
  4. Бонустармен тауарлар немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде cash-back есептелмейді.

Ұйымдастырушылардың құқықтары:

Ұйымдастырушылар жалпы талаптар, есептелетін бонустар мөлшерін өзгерту, акцияларды өткізу кезеңі және басқа талаптар бойынша акциялар өткізу Қағидасын өзгертуге құқылы.

Тіркеу кезінде Қатысушының келісімі:

  1. Қатысушы тіркелу кезінде сайттағы міндетті жолдарды толтырып Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттілік берген тұлғаларға өзінің жеке деректерін ұсыну, өңдеу, сақтау және пайдалануға, сондай-ақ оларды Ұйымдастырушы өткізетін акциялар аясында одан әрі пайдалануға келісімін береді.
  2. Қатысушы Акциялар талаптарына толық келісімін береді, сондай-ақ Ұйымдастырушыдан ақпараттық хабарламалар алуға, соның ішінде SMS, WhatsApp немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ «Dream Сlub» ниеттестік клубының Әріптестерінен Акциялар аясында ақпараттық хабарламалар алуға толық келісімін береді.

 

Бонустар жайлы ақпарат алу контактілері:

•        3775 жедел желі телефон арқылы

•        help@dreamclub.kz поштасы арқылы

•        DreamClub тобының VK және FB әлеуметтік желілерінде

Өтінеміз, күте тұрыңыз