Коммуналдық қызметтер тұтынушыларына

Құрметті пәтер иелері!

YURTA ** DOM төлем құжаттары бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне төлем жасауды Алматы қаласындағы 16 екAінші дәрежелі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде, «Қазпошта» АҚ «Алматы почтамты» Алматыдағы филиалының пошта бөлімшелерінде, негізгі банктердің терминалдарында, сондай-ақ Интернет-банкингтер арқылы жүзеге асыруға болады.

Интернет арқылы қызметтерге төлем жасау келесі банктерде жүзеге асырылады: 

YURTA ** DOM коммуналдық қызметтеріне төлем жасау туралы шот-түбіртектерді тұтынушының электрондық мекен-жайына (email) алу үшін, көшірмелерін ұсыну қажет, немесе сканерленген құжаттарды   reception@yurtadom.kz электрондық мекен-жайына жөнелту қажет:

  1. өтініш осы жерде;
  2. жеке куәліктің көшірмесі;
  3. пәтерге құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі (сатып алу-сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, мүлікті сыйға тарту туралы куәлік және т.б.)  
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Керемет ықшам ауданы, үй 7, корп. 39, офис 472.

Шот-түбіртектегі Т.А.Ә. және тұрғындардың санын өзгерту үшін, өзіңіздің ПИК-ке жүгіну немесе YURTA ** DOM-ға келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Сатып алу-сату шартының көшірмесі (мұрагерлік құқығы туралы куәлік, мүлікті сыйға тарту туралы куәлік және т.б.);
  2. ХҚКО берілген тұратын жері туралы анықтаманың көшірмесі (кету парағы, оқу туралы анықтама, қайтыс болуы туралы куәлік және т.б.)

Шот-түбіртектерді толтыру бойынша жаднамасы

Yurta Dom тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге

Yurta Dom әр ай сайын тұрғындарға ПИК, ТПИК....және қызметтердің жеткізушілерімен көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтерін төлеуге төлеу құжатын (шот-түбіртегін) әр ай сайын жасайды және басып шығарады (электрондық пошта арқылы жолдайды)

Yurta Dom шот-түбіртегінде қызметтердің екі түрі бар:

·        Төлеуге міндетті қызметтер – шот-түбіртегінде көрсетілген мерзіміне дейін қатаң төлеуге міндетті қызметтер. Келесі айдың шот-түбіртегінде міндетті қызметтерін төлемеу жағдайында, өсімақы есептеліп қойылатын қарыз пайда болады. Жеткізушілер берешектің толық өтеуіне дейін қызметердің көрсетуін тоқтата алады.

·        Қалау бойынша қызметтер – тек қана төлеуші пайдалануға қалайтын қызметтер жағдайында төленетін қызметтер (түбіртектің осындай қызметтер тармағында «Қалау бойынша төлеу» немесе «Қалау бойынша қызмет» деп белгіленген).

Шот-түбіртекті толтыру кезінде, келесіні есте сақтау қажет:

·        Шот-түбіртек анық толтырылу қажет.

·        «Төлемін» графасында Сіз қалайтын сомасын жазу керек. Егер Сіз не ол, не бұл қызметін төлеуге қаламайтын болсаңыз, онда осы қызмет бойынша «Төлемін» графасында сызық қойылады.

·        Шот-түбіртектің үстінгі және төменгі бөлігі бірдей толтырылу қажет.

·        «Барлығы» жолы - төлеуге қорытынды сомасы міндетті түрде толтырылады. Егер Сіз қорытынды сомасын ықшамдауға ұйғарсаңыз, онда оны көбею жағына ықшамдау қажет. Кішірейту жағына ықшамдау кезінде, Сіз ықшамдаған сомасына қарыздар пайда болады.

·        Егер шот-түбіртекте «БАРЛЫҒЫ» қорытынды сомасы дұрыс емес есептелген немесе шот-түбіртек дұрыс емес толтырылған жағдайында, Yurta Dom осы шотты төленген сомасы аясында түзейтуге құқылы.

·        «Қалау бойынша қызметтерін» төлеу кезінде осы қызмет тек ағымдағы айда көрсетілетінін есте сақтау қажет.

Шот-түбіртектерде МАИ немесе әкімшілік бұзушылықтардың айыппұлдары туралы ақпарат басылып шығарылады. Осы графалары тек ақпарат үшін арналған. Төлемдерді МАИ немесе терминалдар (INTERNET) арқылы төлеу мүмкін.

Оларды Yurta Dom шот-түбіртектері арқылы төлеуге БОЛМАЙДЫ.

Есте сақтаңыз: Шот-түбіртектерді төлеуді төлеу мерізімінен кешікпей төлеу қажет. Кеш төленген төлемдер келесі есептік түбіртегінде жазылатын болады.

Өтінеміз, күте тұрыңыз