Құрметті тұрғын үй-коммуналдық және пайдалану қызметтерін тұтынушылар!!!

2020 жылғы 7 қаңтарда ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Заң негізгі мәселелерді шешуге бағытталған, солардың біреуі «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша «мүліктің меншік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын, ҚС- жай серіктестік құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеу болып табылады.

.

МИБ – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

ҚС - заңды тұлға болып табылмайды, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері жасайтын бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде әрекет етеді.

Әрбір МИБ мен ҚС өзінің ағымдағы және жинақ шотын ашуы керек.

МИБ не ҚС құру рәсімі заңда және нормативтік құқықтық құжаттарды қарастырылған.

МИБ не ҚС құру үшін мыналар қажет:

1. Жиналысқа бастамашылық ету/ұйымдастыру:

Жиналыстың бастамашысы ретінде бастамашы топ әрекет ете алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кемінде 10 пайызын құрауы керек.

2. Жиналыстың өткізілетін күні туралы кемінде 10 күн бұрын қолжетімді орындарда алда болатын жиналыс туралы хабарландыру орналастыру.

3. Жиналысты өткізу:

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысқа қатысуы керек. Жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50 % кворумымен қамтамасыз етілуі керек және шешімдер қатысып отырғандардың көпшілігі келіскен кезде қабылданады.

Жиналыста мыналар үшін дауыс беру керек:

4. Кворум жоқ болған кезде жазбаша сауалнама жүргізу

Егер келу тәртібімен өткізілген жиналыста кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған болса, онда жазбаша сауалнама жүргізу туралы шешім хаттамамен бекітіледі және уақыт белгіленеді.

Жазбаша сауалнама парағы әрбір меншік иесіне жазбаша сауалнама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде қолма-қол әлде электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Тұрғындар үшін ең бастысы – тұрғындардың дауыстарын дұрыс санау, жиналыстың хаттамасын рәсімдеу және құжаттардың толық қоржынын рәсімдеу, ол ХҚО-на заңды тұлға ретінде тіркеу үшін тапсырылады.

5. ХҚО-на құжаттар тапсыру:

6. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жай серіктестік басқару нысанын таңдаған жағдайда, ҚС бірлескен қызметі туралы шарт жасау қажет.

Шартты барлық меншік иелері жасайды және бірлескен қызмет туралы басшылық жасау үшін ҚС сенім білдірілген тұлғасына қарапайым жазбаша сенімхат (100%) беріледі.

ҚС-ны тізілімге енгізу үшін құжаттар тұрғын үй инспекциясына жіберіледі.

Қажетті құжаттар:

1. Бастамашыл топты шақыру туралы хабарлама

2. Тіркеу парағы

3. Алдын ала тапсырыс берілген жағдайда дауыс беру тізімі

4. Жиналыс хаттамасы

5. Жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағы

6. Жазбаша сауалнама жүргізу кезіндегі отырыстың хаттамасы

7. Үлгілік жарғы

8. ҚС үшін қарапайым сенімхат

Өтінеміз, күте тұрыңыз